locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Умар Нурмагомедов жыл соңында октагонға оралуы мүмкін

Умар Нурмагомедов жыл соңында октагонға оралуы мүмкін
ФОТО: Спорт-Экспресс

Ресейлік файтер Умар Нурмагомедовтың менеджері Ризван Магомедов шәкіртінің келесі жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, Умардың жекпе-жекке оралуы жөнінде келіссөздер жүргізілген. Бастапқыда тамыз айында кездесу өткізу жоспарда болған, алайда жарақатына байланысты ол бұл мерзімге дейін толық қалпына келмейді.

Иә, бұл ашық айтылған, жұрттың бәрі көрді. Бірақ Умар тамызға дейін үлгермейді. Пётр Ян оны қазанға дейін күтеді деп ойламаймыз. Сол себепті біз жыл соңына, нақтырақ айтсақ, Абу-Дабиде өтетін турнирге қарай бағыт алудамыз, — деді Магомедов.

Айта кетейік, Умар Нурмагомедов соңғы жекпе-жегінде UFC чемпионы Мераб Двалишвилиден жеңіліп қалған болатын. Кейіннен жекпе-жек кезінде қолын сындырып алғаны анықталды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie