locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

UFC-дің жеңіл салмақтағы үздігі Махачевті нокаутпен жеңе алатынына сенімді

UFC-дің жеңіл салмақтағы үздігі Махачевті нокаутпен жеңе алатынына сенімді
ФОТО: Getty Images

Жеңіл салмақта UFC рейтингінде тоғызыншы орында тұрған америкалық файтер Бенеил Дариуш бұрынғы чемпион Ислам Махачевпен жекпе-жекте жеңіске жетер еді деп есептейді, деп жазады MMAJunkie.

«Бұл жекпе-жек ерте аяқталатын еді. Екеуміз де бұрын-соңды төрешілер шешімімен ұтылып көрмегенбіз. Мен де жеңілмеймін деп ойлаймын. Керісінше, жеңетініме сенімдімін», – деді Дариуш берген сұхбатында.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Бенеил Арман Царукяннан нокаутпен жеңілген болатын. Оның кәсіби мансабында 22 жеңіс, 6 жеңіліс және бір тең есеп тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Илия Топурия титулдық жекпе-жек алдында бапкерлер штабын ауыстырғаны хабарланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie