locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

UFC жолындағы мүмкіндік. Әбу-Дабиде қай қазақстандықтар көзге түседі?

Қазақстандық спортшылар UAE Warriors додасында алғаш рет өнер көрсетеді
UFC жолындағы мүмкіндік. Әбу-Дабиде қай қазақстандықтар көзге түседі?
ФОТО: EFC

Қазақстанның үш өкілі араб әлемінің ең беделді октагондарының бірінде - UAE Warriors турнирінде алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. 23–24 шілде күндері Әбу-Дабиде өтетін бұл жарыстарда ел намысын түрлі салмақ дәрежесінде үш файтер қорғайды.

•23 шілде күні, UAE Warriors 61 турнирінде Абай Жалал (7-0) жекпе-жекке шығады. Жеңілістің дәмін татпаған жас спортшы Дамарте Пена (15-3) сынды тәжірибелі анголалық қарсыласымен күш сынасады. Бұл кездесу Жалал үшін жеңіл салмақтағы алғашқы халықаралық сынақ болмақ.

24 шілде күні, UAE Warriors 62 жарысы аясында екі бірдей қазақстандық файтер дебюттік жекпе-жек өткізеді.

•Жасұлан Әкімжанов (12-3) жеңіл салмақта Фелипе Дуглас (25-6) есімді мықты бразилиялықпен айқасады. Бұған дейін Fight Nights және Naiza додаларында өнер көрсеткен Әкімжанов бұл кездесуде өзінің шабуылдаушы әлеуетін танытуы тиіс.

•Ал Магомед Қабардиев (10-1) жартылай орта салмақта Украина өкілі Кирилл Горобецке (12-3) қарсы шығады. Бұл кездесу техникалық күрделі әрі шеберлік деңгейі тең қарсыластар арасында өтетін мықты айқастардың бірі болмақ.

UAE Warriors - Азия мен Таяу Шығыстағы жетекші ММА лигаларының бірі. Бұл промоушен әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшыларды жинап, олар үшін UFC сынды жаһандық аренаға жол ашатын алаңға айналды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie