UFC және Турки Аль аш-Шейх жаңа бокс промоушенін құрады
TKO Group компаниясы, оның құрамына UFC және WWE рестлинг лигасы кіреді, Сауд Арабиясының Бас ойын-сауық басқармасымен жаңа бокс промоушенін құру туралы ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізді. Саудиялық ұйымның басшысы – танымал спорт қайраткері және промоутер Турки Аль аш-Шейх.
UFC президенті Дана Уайт бұл жобаның басты мақсаты – әлемнің ең мықты боксшыларының тартысты жекпе-жектерін ұйымдастыру екенін атап өтті.
- "Біздің тұжырымдамамыз – жанкүйерлерге дәл өздері күткен жекпе-жектерді ұсыну. Ең үздіктер ең мықтылармен кездеседі, ал боксшылар рейтингтерде жоғарылап, әлем чемпиондары атануға мүмкіндік алады", – деп мәлімдеді Уайт өз видеоүндеуінде.
Жаңа жобаны Дана Уайт пен WWE президенті Ник Хан басқарады. Ұйымның ресми атауы әзірге жарияланған жоқ, ал алғашқы турнир 2026 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз: Роузи UFC-ге қайта оралуы мүмкін