UFC сегіз жылдағы алғашқы Шанхайда өтетін турнирді жариялады
UFC турнирі Қытайдың мегаполисінде өтеді
ММА
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қытайдың Шанхай қаласында аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 259 турнирі өтеді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Fight Night ивент сериясы 2025 жылдың 23 тамызында өтеді. Шанхайдағы тарихтағы жалғыз UFC турнирі 2017 жылдың 25 қарашасында өткен болатын.
Кештің басты кездесуі жартылай ауыр салмақтағы (93 келіге дейін) Чжан Мингян (19-6) мен Джонни Уокер (21-9) арасындағы жекпе-жек болмақ.
Қытайлық файтер осы жылдың 26 сәуірінде өткен соңғы жекпе-жегінде Энтони Смитті (38-22) жеңді. Бразилиялық соңғы рет бір жыл бұрын октагонға шыққан, ол бірінші раундта Волкан Оездемирден (20-8) техникалық нокаутпен ұтылған болатын.
Әзірбайжанда өтетін FC Fight Night: Hill vs. Rountree турнирінің толық карды бұрын жарияланған болатын.