locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

UFC президенті Ислам Махачевтің болашағына қатысты мәлімдеме жасады

ММА
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
UFC президенті Ислам Махачевтің болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: gettyimages

UFC президенті Дана Уайт ресейлік жауынгер, UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің болашағы туралы түсініктеме берді

Қаңтар айының ортасында Махачев бразилиялық Ренато Мойканоны мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғады. Ислам Махачев ММА-да 28 жекпе-жек өткізіп, 27 рет жеңіске жеткен.

"Жігіттер, біз болашақ жекпе-жектер туралы сөйлескен кезде рөл атқаратын көптеген факторлар бар екенін аңғару қажет. Жарақаттар, жауынгерлер үшін ыңғайлы және ыңғайсыз уақыт, география. Сонымен, жауынгердің атақ үшін қашан және кіммен күресетінін анықтайтын көптеген нәрселер бар",- деді Уайт UFC 313 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Өткен UFC 313 турнирінде Магомед Анкалаев Алекс Перейраны жеңіп, жеңіл салмақта чемпион атанды және UFC-нің төртінші ресейлік чемпионы болды. Оған дейін бұндай жетістікке Хабиб Нурмагомедов, Петр Ян және Ислам Махачев жеткен, сонғысы әлі күнге дейін жеңіл салмақта атағын сақтап келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie