locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

UFC президенті Ыдырысты жұлдыз деп атап, оның әлеуетіне сенім білдірді

UFC басшысы Әлібидіің әлеуетін ерекше атап өтті
UFC президенті Ыдырысты жұлдыз деп атап, оның әлеуетіне сенім білдірді
ФОТО: Naiza

UFC президенті Дана Уайт The Ultimate Fighter бағдарламасының 33-маусымындағы бесінші эпизодта өнер көрсеткен қазақстандық файтер Әліби Ыдырыстың жекпе-жегіне жоғары баға берді. Ұйым басшысы оның әмбебаптығы мен қарсыласты толық басымдықпен жеңгенін ерекше атап өтті.

«Қазақстаннан шыққан темірдей мықты жеңіл салмақтағы спортшы. Әлібидің кәсіби мансабында әлі күнге дейін жеңіліс жоқ. Ол 10 жекпе-жек қатарынан жеңіп келеді. Ол октагонда да, партерде де керемет әрекет етеді. Нағыз қауіпті және жан-жақты дайындалған спортшы. Қазақстан бізге талай табанды жігіттерді сыйлады, ал Әліби – елінің нағыз жұлдызы»,– деді Уайт.

Дана Уайт сондай-ақ жекпе-жектегі бір сәттік ереже бұзуға қарамастан, Ыдырыстың қарсыласын толықтай үстемдікпен жеңгенін атап өтті.

«Ол партерде Фуркатбекті тұншықтырып, толықтай қысыммен басып тастады. Бұл – айқын жеңіс. Қарсыластың көзіне тиген соққы үшін ұпай шегерілгенімен, жалпы басымдық – Әлібиде. Енді оны жартылай финалда көретініме асықпын»,– деді UFC президенті.

Айта кетейік, Әліби Ыдырыс аты аңызға айналған Даниэль Кормьенің жетекшілігімен өнер көрсетуде. Ол TUF бағдарламасында өз жеңіс жолын жалғастырып, UFC келісімшартына бір қадам жақындай түсті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie