locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

UFC Асу Алмабаевтың көптен күткен жекпе-жегін ресми жариялады

UFC Асу Алмабаевтың көптен күткен жекпе-жегін ресми жариялады
ФОТО: Getty images

UFC Instagram желісінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-2) пен аустралиялық Стив Эрцегтің (12-3) жекпе-жегін жариялады.

“Наурыз жарқын кештен басталады”, — деп жазды UFC.

Асу Алмабаев пен Стив Эрцегтің жекпе-жегі 1 наурызда UFC Fight Night 253 турнирі аясында өтеді, оны UFC Vegas 103 деп те атайды. Турнир АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылады. Асу UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде сегізінші орында тұр, ал Эрцег тоғызыншы орында. Бұл Алмабаев үшін UFC аясындағы бесінші (қазіргі есеппен 4-0), ал Эрцег үшін алтыншы (3-2) жекпе-жек болмақ.

Айта кетейік, Эрцег соңғы екі жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. 2024 жылдың мамырында ол төрешілер шешімімен бразилиялық Алешандре Пантожаға (29-5), ал тамыз айында жаңазеландиялық Кай Кара-Франсқа (25-11) нокаутпен есе жіберді.

Пікірлер
Тек тіркелген пайдаланушылар пікір қалдырып, оларға жауап бере алады
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie