UFC 313: Перейра мен Анкалаевтың титулдық айқасы және турнирдің толық кард тізімі
8-9 наурыз түнінде Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 313 турнирінің басты жекпе-жегі жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтеді. Қазіргі чемпион Алекс Перейра бұл белбеуді Магомед Анкалаевқа қарсы қорғайды.
Сондай-ақ, кештің екінші маңызды жекпе-жегінде Джастин Гэтжи мен Рафаэль Физиев кездеседі.
Тағы бір қызықты айқас Ризван Куниев пен Кёртис Блэйдс арасында өтеді.
UFC 313 турнирінің толық кард тізімі
Негізгі кард:
• Алекс Перейра – Магомед Анкалаев (жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін)
• Джастин Гэтжи – Рафаэль Физиев
• Джалин Тёрнер – Игнасио Бахамондес
• Аманда Лемос – Ясмин Лусиндо
• Бобби Грин – Маурисио Руффи
Алдын ала кард:
• Кёртис Блэйдс – Ризван Куниев
• Джошуа Ван – Рэи Цуруя
• Брунно Феррейра – Армен Петросян
• Алекс Мороно – Карлос Леал Миранда
• Майрон Сантос – Фрэнсис Маршалл
• Джордан Сантос – Осман Диас
Еске сала кетейік, Джастин Гэтжи бастапқыда Дэн Хукермен жұдырықтасуы керек еді, бірақ Хукер жарақатына байланысты жарыстан шеттетілді. Оның орнына Рафаэль Физиев шығады, ол Гэтжиден алған өткен жеңілісінің есесін қайтаруға тырысады.