Қуат ХАМИТОВ: \"Футболшылар арасында патриот жоқ!\"
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Шымкент әкімінің "Ордабасы" клубындағы былыққа қатысты сөздерінен соң өз пікірін білдірді
Бұған дейін қала басшысы Ғабит Сыздықбеков "Ордабасы" ойыншыларының орташа жалақысы 15 миллион теңге екенін, Асхат Тағыберген секілді ардагер футболшылар 20 миллион теңгеге дейін айлық алып отырғанын, бірақ олармен келісімшарт үзе алмайтынын айтқан болатын.
Осыдан соң футболшыларға мұның алдында да түрлі айып тағып жүрген Қуат Хамитов үнсіз қалмады. Ол футболшыларда патриотизм жоқ деп айыптап отыр.
“Футболшылар арасында патриот жоқ! Олардың бәрі саудагер, тек ақша үшін ойнайды”, - деп жазды Хамитов.
Қазақстандық файтер отандық футболды сынап жүргеніне бірнеше жыл болды. Оның пікірінше, мемлекет футболды қаржыландыруды тоқтатып, тек балалар спортына ғана ақша бөлуі тиіс. Ол бұған дейін қазақ футболын ешқандай бапкер құтқара алмайды деп пікір білдірген болатын.