locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Титулды алғаш қорғау. Жұмағұлов келесі қарсыласын және жекпе-жек күнін атады

Қазақстандық спортшы чехиялық Давид Дворжакпен айқасады
Титулды алғаш қорғау. Жұмағұлов келесі қарсыласын және жекпе-жек күнін атады
Фото: Chris Unger/Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (18-9) өзінің келесі қарсыласын, жекпе-жек өтетін күн мен орнын атады, деп хабарлайды SPORT+.

37 жастағы қазақстандық Oktagon MMA лигасында жеңіл салмақтағы чемпиондық белдігін қорғау үшін чехиялық Давид Дворжакпен (22-6) кездеседі. Жекпе-жек 28 желтоқсанға жоспарланған және Чехия астанасы Прагада өтеді. Алайда, жекпе-жекке арналған келісімшарт әлі де қол қойылған жоқ.

«Жайлап дайындықты бастаймыз... Келісімшартқа әлі қол қойған жоқпын, бірақ маған күнін айтып қойды. Қарсылас та белгілі — Давид Дворжак. 28 желтоқсан. Турнир Прагада өтеді. Алғашқы дайындықты, мүмкін, Ақтөбеде өткіземін, алдын ала лагерьге Америкаға барамын, әрі қарай сол жақтан жекпе-жекке шығамын, иншаАллах», — деді Жұмағұлов.

Бұған дейін Хамзат Чимаев UFC-дің Ақ үйдегі тарихи турниріне қатысуы мүмкін екенін меңзеген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie