Тарихи оқиға: UFC жекпе-жегі Ақ үй аумағында өтеді
UFC жекпе-жегі Ақ үйде өтпек
ФОТО: Getty images
Әлем спорты мен саясат тағы да бір аренада түйісті. АҚШ президенті Дональд Трамп тарихта бұрын-соңды болмаған жаңалықты жариялады: 2026 жылдың 14 маусымында UFC жекпе-жегі Ақ үйдің ауласында өтеді.
«Келер жылдың 14 маусымында Ақ үйде үлкен UFC жекпе-жегі өтеді. Тікелей Ақ үйдің аумағында», - деді Трамп АҚШ ӘТК Атлант флотының Норфолктегі базасында сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар, соңғы апталарда Конор Макгрегордың мәлімдемесі жанкүйерлер арасында қызу талқыланды. Ирландиялық жұлдыз өзінің Ақ үйдегі жекпе-жегі әлдеқашан мақұлданып, келісімшартқа қол қойылғанын айтқан. Дегенмен UFC президенті Дана Уайт бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.