Шавкат Рахмоновтың оралуы мүмкін екені туралы мәліметтер пайда болды
Шавкат Рахмонов UFC 336 турнирінде октагонға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
Инсайдер Рубен Картердің ақпаратына сәйкес, қазақстандықтың Майкл Моралеске қарсы жекпе-жегі талқыланып жатыр. Дереккөздің мәліметінше, турнирді 30 қаңтарда Торонтода өткізу жоспарлануда.
Картердің айтуынша, кештің басты оқиғасы Ислам Махачев пен Карлос Пратес арасындағы титулдық жекпе-жек болуы мүмкін. Ал қосалқы басты жекпе-жек ретінде Джошуа Ван мен Манель Капе арасындағы кездесу қарастырылып жатыр.
Материал жарияланған сәтте Рахмоновтың жекпе-жегіне қатысты UFC тарапынан ресми растау болған жоқ.
Шавкат соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде өткізді. Қазақстандық төрешілердің бірауызды шешімімен Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, ирландиялық спортшыға мансабындағы алғашқы жеңілісін тарттырды.
Осыдан кейін Рахмонов тізесінен алған жарақатына байланысты қатардан шығып қалды. Егер қаңтардағы жекпе-жек өтетін болса, қазақстандықтың өнер көрсетуі арасындағы үзіліс екі жылдан асады.