locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шавкат Рахмонов ресейлік пе? Америкалық сарапшы қазақстанды файтерді АҚШ vs Ресей турниріне қосты

Шавкат Рахмонов ресейлік пе?  Америкалық сарапшы қазақстанды файтерді АҚШ vs Ресей турниріне қосты
ФОТО: Getty images

Танымал ММА сарапшысы Ксавье Лафламм UFC президенті Дана Уайтқа ерекше ұсыныс жасап, АҚШ пен Ресей файтерлері арасында супер-турнир ұйымдастыруды ұсынды.

Өз жазбасында Лафламм турнирдің болжалды жекпе-жектерін атап өтіп, оның атауы мен өтетін орнын да көрсетті. Ол бұл турнирді “UFC 318: АҚШ – Ресей” деп атап, Филадельфия қаласында өткізуді ұсынды.

Лафламм ұсынған кард:
• Дастин Порье vs Ислам Махачев
• Джамахал Хилл vs Магомед Анкалаев
• Колби Ковингтон vs Шавкат Рахмонов
• Шон О’Мэлли vs Умар Нурмагомедов
• Деррик Льюис vs Сергей Павлович
• Майкл Чендлер vs Арман Царукян
• Кевин Холланд vs Абубакар Нурмагомедов
• Бо Никал vs Икрам Алискеров

Лафламм UFC-дегі жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты (19-0, 18 КО) осы тізімге енгізді, алайда оны Ресей туының астында атады. Бұл таңғаларлық жайт, себебі Рахмонов әрдайым Қазақстанның атынан шығып, өз елін мақтанышпен таныстырып келеді.

Қазіргі таңда UFC бұл ұсынысқа ресми жауап берген жоқ, ал Дана Уайт Ресейдегі UFC турнирлерін қайта өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie