Шанхайдағы сенсация: Сатыбалдиев Нұрғожайды бірінші раундта жеңді
Сатыбалдиев UFC 257 турнирінде алғашқы жекпе-жекте Нұрғожайды мерзімінен бұрын жеңді
ФОТО: nurgozhay_diyar Instagram парақшасы
UFC Fight Night 257 турнирінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы алғашқы жекпе-жек өтті.
Бұл тарихи кездесуде екі бауырлас елдің өкілдері - қазақстандық Дияр Нұрғожай (11-1) мен қырғызстандық Уран Сатыбалдиев (8-1) сегізбұрышқа шықты.
Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, алайда бәрі бірінші раундта-ақ аяқталды. Сатыбалдиев қарсыласын айқын техникалық басымдықпен жеңіп, ауырту әдісі арқылы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби мансабындағы тоғызыншы және UFC аясындағы алғашқы жеңісі болды (UFC-дегі көрсеткіші енді 1-1).
Ал Дияр Нұрғожай үшін бұл мансабындағы екінші жеңіліс және UFC-дегі көрсеткіші 0-2-ге дейін нашарлады.