locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шақыру қабылдана ма? Рахмоновтың бапкері Брэдидің сөзі мен мүмкін жекпе-жек жайлы

Шавкат Рахмонов Шон Брэдиге қарсы жекпе-жекке шыға ала ма?
Шақыру қабылдана ма? Рахмоновтың бапкері Брэдидің сөзі мен мүмкін жекпе-жек жайлы
ФОТО: Getty images

Шақыру қабылдана ма? Рахмоновтың жаттықтырушысы – Брэдидің сөзі мен мүмкін жекпе-жек жайлы

UFC әлемінде Шавкат Рахмонов жайлы қайта әңгіме қозғалды. Бұл жолы қазақстандық жұлдызға назар аудартқан – жартылай орта салмақтағы рейтингтің екінші нөмірі Шон Брэди. Ол ашық түрде Рахмоновпен Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінде кездескісі келетінін мәлімдеді.

DAR Team бас бапкері Эдуард Базров бұл шақыруға байыппен қарады:

«Брэди рейтингте жоғары орында тұр және мұндай жекпе-жекке үміткер болуға толық құқығы бар. Біз қазір жағдайдың қалай өрбитінін бақылап отырмыз. Келесі жекпе-жекті өткізгіміз келеді, бірақ әзірге нақты қарсылас пен күн белгіленген жоқ»,-деді ол.

Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсанында шығып, Иэн Гэрриді айқын басымдықпен жеңген еді. Бұған дейін өзі қараша айында қайта жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан болатын. Алайда биыл шілде айында оның отбасында қайғылы жағдай болды – жұбайы Гүлайым Рахмонова қатысқан жол апатында жолаушылар қаза тапты. Осы себепті Шавкат уақытша үзіліс алып, назарын отбасына аударды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie