locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Саламат Исбулаев ресми түрде азаматтығын өзгертіп, Қазақстан атынан өнер көрсетеді

ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Саламат Исбулаев ресми түрде азаматтығын өзгертіп, Қазақстан атынан өнер көрсетеді
ФОТО: Getty Images

Alash Pride лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы, жеңіліп көрмеген жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев (8-0, 5 КО) Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматы атанды.

Бұл туралы оның жаттықтырушысы, «Еркін Күш» командасының өкілі Айбек Шокпутов Instagram парақшасында:

- «Бүгіннен бастап Исбулаев Саламат – Қазақстан Республикасының азаматы» деп мәлімдеді.

Исбулаев соңғы жекпе-жегін 18 қаңтарда Қытайда өткізіп, моңғолиялық Намнанбаяр Тууламен кездесті. Қазақстандық файтер бірінші раундта-ақ қарсыласын баспен тепкен соққысымен нокаутқа жіберіп, сенімді жеңіске жетті.

Айта кету керек, Исбулаев 2015 жылы Орынбор кубогында UFC-дің бұрынғы жауынгері Дамир Исмағұловты жеңген болатын. Бүгінде Исмағұлов та тарихи отаны – Қазақстанның атынан өнер көрсетуде.

Азаматтығын өзгерту Исбулаев үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оның халықаралық аренада Қазақстанды танытуына жол ашады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie