Сабит Жүсіпов LFA 199 кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді
Қазақстандық Сабит Жүсіпов (16-3) американдық LFA ұйымының басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді.
Оның қарсыласы — джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы, екі жеңістен тұратын сериясы бар бразилиялық Ари Фариас (14-4).
Сабит Жүсіповтің жеңіс сериясы жеті жекпе-жектен тұрады. 2022 жылдың қазан айында ол Fight Nights Global ұйымының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін ресейлік Владимир Егоянды жеңіп иеленген болатын. Ал 2023 жылдың қарашасында ол бразилиялық Вандерлей Джуниорды нокаутқа түсіріп, FNG чемпионы атағын қорғап шықты.
LFA 199 турнирі 10 қаңтарда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лемор қаласында, Tachi Palace Casino Resort аренасында болады. Жүсіпов пен Фариас арасындағы жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді.
Футбол
Бүгін 05:15
Хоккей
Бүгін 04:16