locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ертіс клубы Димитар Димитровтың алдындағы қарыздарын толық өтеді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ертіс клубы Димитар Димитровтың алдындағы қарыздарын толық өтеді
ФОТО: Getty Images

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы бұрынғы бас бапкері Димитар Димитровтың алдындағы қарыздарын толық өтеді, деп хабарлады Meta-ratings.kz.

Ақпарат көзінің мәліметінше, болгариялық маман клубтың қайта жанданып, дамуын жалғастыруы үшін елеулі жеңілдіктерге барған.

"Клуб қаржылық мәселелерін толық шешті. Бұл үшін облыс әкімі Асайн Байхановқа алғысымды білдіремін. Оның футболды және "Ертісті" жақсы көретіні сезіледі. Ол команданың бұрынғы даңқын қайтарғысы келеді. "Ертіс" – Қазақстанның мақтанышы, бұл команда тек Премьер-лигада ойнауы керек", – деді Димитров.

Еске сала кетейік, Димитар Димитров павлодарлық команданы екі рет басқарған: 2015-2017 жылдары және 2018-2019 жылдары. Оның жетекшілігімен "Ертіс" 2016 жылы Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдегері атанды.

Қаржылық қиындықтарға байланысты клуб 2020 жылы чемпионаттан шығуға мәжбүр болды. Алайда, 2024 жылдың басында "Ертіс" қайта жанданып, екінші лигада өнер көрсете бастады.

Келесі маусымда павлодарлықтар бірінші лигада ойнап, бұрынғы мәртебесін қайтаруды көздеп отыр.

Игорь Леонов Ақтөбенің бас бапкері қызметін 2025 жылдың соңына дейін жалғастырады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie