Рахмоновты Ислам Махачев үшін ең қиын қарсылас деп атады
ONE FC-нің үш салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Анатолий Малыxин UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев үшін Шавкат Рахмоновты ең қиын қарсылас деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Сонымен қатар ол Шавкаттың Исламнан бәрібір жеңілетінін санайды.
«Олардың бәрі бірдей. Менің ойымша, Ислам барлығын жеңеді. Иә, қиын болады, оңай болмайды, бірақ Махачев жеңіске жетеді. Олардың арасынан Шавкат Рахмоновты ерекше атап өтер едім. Оның күресі бар, дегенмен қазір оның қайта оралу-оралмайтыны да түсініксіз, жарақаттары әбден мазасын алды. Жалпы, жігіт жақсы, болашағы зор. Бірақ оның жарақаттары әбден қажытқанын көріп тұрсың, сондықтан дәл осы деңгейге қайта оралуы оған қазір қиын болады», – деді Малыxин «Чемпионатқа» берген сұхбатында.
Бұған дейін Махачев Рахмоновпен ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірген. Ресейлік спортшы Номад октагонға оралғаннан кейін мұндай кездесуді жоққа шығармайтынын аңғартты.
Еске салайық, Шавкат 2024 жылдың желтоқсанынан бері октагонға шыққан жоқ. UFC 310 турниріндегі соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, кәсіби рекордын 19 жеңіске жеткізді.