Пимблетт Махачевті клоун деп атады
UFC-дің британдық жекпе-жекшісі Пэдди Пимблетт жартылай орта салмақтағы ресейлік Ислам Махачев пен австралиялық Джек Делла Маддалена арасындағы алдағы титулдық жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді. Бұл айқас 16 қараша күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін UFC 322 турнирінде өтеді.
Пимблетт Маддаленаның жеңісіне үміт білдіріп, Махачевті сынға алды.
«Үмітім, Джек оны сабап тастайды. Ол бокста әлдеқайда мықты, ал егер октагонда тұрып бере алса, сөзсіз жеңіске жетеді. Бұл шынымен де болатынына қатты сенемін. Махачев – клоун. Ол титулдық жекпе-жекті Бобби Гринді жеңген соң алды, ал мен оны тіпті одан да жылдам жеңгенмін. Ислам, өзіңнің жеңіл салмағыңа қайта орал, сонда өзім сенімен айқасамын», – деді британдық UFC Europe-ке берген сұхбатында.
Ислам Махачевтің еншісінде 28 жекпе-жектің 27-сінде жеңіс бар. Пэдди Пимблетт 23 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.