Петр Ян не атақ үшін емес, белсенділік үшін жекпе-жекке шықпақ
UFC-дегі бұрынғы чемпион Петр Ян 26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде америкалық Маркус Макгиге қарсы октагонға шығады. Ресейлік спортшы атаққа таласу мүмкіндігін емес, белсенділікті таңдағанын айтты.
«Маған: күт, мүмкін келесі қарсыласың чемпион болады, – дейді. Бірақ мен күтіп отырғым келмейді. Мен биыл екі рет жекпе-жек өткізгім келеді. Шынымды айтсам, топ-5 пен топ-10-дағы жігіттердің бәрі бос емес. Мен тек шілдеде жұдырықтасқым келетінін айттым. Маған қарсылас тауып берді – мен дайынмын», – деді Ян.
Петр 2024 жылы әлі жекпе-жек өткізген жоқ. Ал өткен жылы ол Сун Ядун мен Дейвесон Фигередоны жеңген болатын. Ал оның қарсыласы – «Маньяк» лақапатты Маркус Макги – UFC-де қатарынан төрт жеңіске жетіп, жалпы рекордын 10-1-ге жеткізген.
Камару Усман UFC турнирінде Хоакин Баклиді жеңіп, жеңіліс сериясын тоқтатты.