Пэдди Пимблетт UFC белбеуі үшін Топуриямен жекпе-жек болатынына сенімді
Британдық файтер бұл жекпе-жектің қаржылық жағынан тиімді екенін айтты
ФОТО: Getty Images
UFC-де өнер көрсетіп жүрген британдық Пэдди Пимблетт (23-3) испандық Илия Топуриямен (16-0) титулдық жекпе-жек өтетініне сенімді екенін айтты.
«Егер Топурия Оливейраны жеңсе де, егер менен жекпе-жек өткізгісі келсе, UFC бұл кездесуді міндетті түрде ұйымдастырады. Неге сенімдімін? Өйткені бұл – ақша түсіретін жекпе-жек», – деді Пимблетт.
Айта кетейік, маусым айының соңында Топурия бос тұрған жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC чемпиондық белбеуі үшін бразилиялық Чарльз Оливейрамен кездеседі. Жеңіске жеткен жағдайда, Илия алғашқы қорғауын дәл Пимблетке қарсы өткізуі мүмкін.
Арман Царукян UFC 317 турнирінде қосалқы файтер болатынын растады.