locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Октагон иесі: Имавов UFC-дің басты жекпе-жегінде бразилиялықты тас-талқан етті

Имавов UFC Fight Night 258 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті
Октагон иесі: Имавов UFC-дің басты жекпе-жегінде бразилиялықты тас-талқан етті
ФОТО: Getty images

Парижде өткен UFC Fight Night 258 турнирінің басты оқиғасы орта салмақтағы Нассурдин Имавов пен бразилиялық Кайо Борральо арасындағы айқас болды. Бес раундқа жоспарланған бұл жекпе-жек кештің нағыз көркін ашты.

Ақпан айында Исраэль Адесаньяны жеңгеннен кейін октагонға қайта оралған Имавов алғашқы секундтардан-ақ бастаманы өз қолына алды. Ол қашықтықты шебер бақылап, қарсыласын үнемі қысымда ұстап, Борральоға өз стилін жүргізуге мүмкіндік берген жоқ.

Бразилиялық спортшы кездесудің барысын өзгерткісі келгенімен, ринг иесі сенімді де алуан қырлы өнерімен айқын басым түсті. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан шешім шығарды – 50:45, 49:46, 49:46 есебімен Имавов жеңімпаз атанды.

28 жастағы француз үшін бұл жеңіс оның кәсіби мансабындағы 17-ші табысы болып, орта салмақтағы амбициясын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал Борральо өз қоржынына екінші жеңілісті (17–2) жазғанымен, толық қашықтықты жүріп өтіп, табандылығын көрсете білді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie