locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Номад» мықтылар қатарында: Рахмонов әлемнің үздік спортшылары рейтингінде дебют жасады

Шавкат Рахмонов UFC-тің P4P рейтингінде үздіктер қатарына қосылды
ФОТО: Getty images

Қазақстандық жартылай орта салмақ жұлдызы Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жектің ең беделді көрсеткіштерінің бірі – UFC-тің салмақ дәрежесіне тәуелсіз (Pound-for-Pound) рейтингінде алғаш рет орын алды. Жаңартылған тізімде ол бірден 15-орынға көтеріліп, бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны артта қалдырды.

Бұл нәтижемен Шавкат қазақстандықтар арасынан алғаш рет UFC P4P үздіктері қатарына енді. Бұл – тек жеке спортшы үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық ММА мектебі үшін тарихи белес.

Рахмонов өз салмағында үшінші орынды сақтап қалды және чемпиондық белбеу үшін басты үміткер мәртебесін нығайта түсті. P4P үздіктер қатарында оның дивизионынан тағы екі спортшы бар: қазіргі чемпион Джек Делла Маддалена (№8) және бұрынғы чемпион Белал Мухаммед (№13).

Шавкат соңғы рет октагонға 2024 жылдың 7 желтоқсанында шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді сенімді түрде жеңді. Осыдан кейін оның Белал Мухаммедке қарсы титулдық айқасы күтілген еді, алайда жарақатқа байланысты жекпе-жек өтпей қалды.

Кейін Мухаммед чемпиондық белбеу үшін таласта Джек Делла Маддаленаға есе жіберді. Қазір титул аустралиялықтың қолында болғанымен, Белал да Шавкат үшін ықтимал қарсыластар қатарында қала береді.

Фото: ufc
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie