Naiza лигасының бұрынғы чемпионы Николай Самусев қайта оралуға дайын
Танымал спортшы үздік атақ үшін күресуге әзір
ФОТО: instagram.com/naiza.mma/
Naiza лигасының жартылай жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Николай Самусев қараша айында өтетін турнирде лигаға қайта оралуға дайын екенін SPORT+ хабарлайды.
Самусев лигадағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылы өткізіп, тізе жарақатына байланысты чемпиондық белбеуді босатқан болатын.
Сауыққан соң, Николай BRAVE лигасында жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойып, сол жерде қолын сындырып алды.
Енді чемпион өзі танылған октагонға қайта оралуға тас-түйін дайын.
Турнир 29 қараша күні Алматыда өтеді.