locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Нағыз үміткердің кім екенін білесің». Шавкат Рахмонов жекпе-жектен кейін Гэрриге қатаң үн қатты

Шавхат Рахмонов Иэн Гэрридің жеңісіне қатысты пікір білдірді
«Нағыз үміткердің кім екенін білесің». Шавкат Рахмонов жекпе-жектен кейін Гэрриге қатаң үн қатты
ФОТО: Getty images

UFC Fight Night 265 турнирінде Иэн Гэрридің Белал Мухаммадты айқын басымдықпен жеңуінен кейін жартылай орта салмақтағы басты үміткерлердің бірі – Шавхат Рахмонов үнсіз қала алмады. Қазақстандық файтер ирландиялық спортшыға қысқа болса да, мағынасы терең құттықтау жолдады.

«Сені көргеніме қуаныштымын, жеңісіңмен құттықтаймын. Нағыз үміткердің кім екенін өзің білесің», – деп жазды Рахмонов.

Гэрриден де жауап ұзақ күттірмеді.

«Әрқашан құрметтеймін».

Бұл жеңіс Иэн Гэрридің мансабындағы ең маңызды сәттердің бірі болды: ол бұрынғы титулға үміткерді соққы алмасуда толық басымдықпен ұтып, бірде-бір рет аударуға мүмкіндік бермей, төрешілер шешімін өз пайдасына жаздырды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie