locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Найман» қайта сапта. Қуат Хамитов октагонға оралып, Дубайда сенсация жасады

Қуат Хамитов Дубайда қарсыласын сенсациялық түрде жеңді
«Найман» қайта сапта! Қуат Хамитов октагонға оралып, Дубайда сенсация жасады
ФОТО: сми24.кз

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (26-8-2) ұзақ үзілістен кейін октагонға қайта оралып, жанкүйерлерін жеңісімен қуантты.

Дубайда (БАӘ) өткен ACA 194 турнирінде «Найман» лақап атымен танылған Хамитов ресейлік Анатолий Бойкомен (12-4) кездесіп, үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.

Бұл кездесу алдында мамандар фаворит ретінде Бойконы атаған еді, алайда Қуаттың тәжірибесі мен сабырлы тактикасы шешуші рөл атқарды. Осылайша ол өз мансабындағы 27-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, «Найман» соңғы рет 2024 жылдың күзінде шаршы алаңға шығып, кәсіпқой бокс ережесі бойынша Нұрберген Шәріповты жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie