locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мұратбек Қасымбай, Тайрон Вудлимен жекпе-жекке шығуға қызығушылық танытты

ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Мұратбек Қасымбай, Тайрон Вудлимен жекпе-жекке шығуға қызығушылық танытты
ФОТО: Getty Images

Қазақстанның танымал файтері Мұратбек Қасымбай бұрынғы UFC чемпионы, америкалық Тайрон Вудлимен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

“Шынымды айтсам, мен қазақтармен төбелескім келмейді. Карьерамды бастағалы орыстармен жекпе-жекке көп шықтым, енді одан шаршадым. Маған экзотикалық жекпе-жек керек. Басқа елдің спортшыларымен кездессем қызық болар еді. Мысалы, Тайрон Вудлимен жолықсам жақсы болар еді. Мен боксерлік қолғабын киіп, бокстауға да дайынмын. Тайрон Вудли еркін агент, мен онымен жұдырықтасуды қалаймын", - деді Қасымбай MMA Bulletin басылымына берген сұхбатында.

Мұратбек Қасымбай келесі жекпе-жегін кәсіби бокс ережелері бойынша өткізеді. 27 желтоқсанда Алматыда ол танымал ирандық спортшы, “Парсылық дагестан” лақап атымен белгілі Мухаммед Хейбатиға қарсы жұдырықтасады.

“Жай ғана сөз, бірақ үлкен мотивация”: Шавкат шешуші кездесу алдында өз ойымен бөлісті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie