locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Монреальдегі жылдам нокаут: Бекзат Алмахан UFC 315 турнирінде жарқын жеңіске жетті

ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Монреальдегі жылдам нокаут: Бекзат Алмахан UFC 315 турнирінде жарқын жеңіске жетті
ФОТО: ufc инстаграм парақшасынан

Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Бекзат Алмахан (12-2) Канададағы Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте ол жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі, «Супермен» лақап атымен танымал Брэд Катонамен (14-5) кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас небәрі алғашқы минутта аяқталды - Алмахан қарсыласын нокаутқа жіберіп, өзінің дәлдігі мен күшін паш етті.

Бұл жарқын жеңіс Бекзаттың кәсіпқой мансабындағы 12-ші жеңісі болды. Ал Катона үшін бұл бесінші жеңіліс ретінде тіркелді. Еске салсақ, Алмахан UFC-дегі дебютін өткен жылдың наурыз айында өткізген болатын. Сол кезде ол әлі жеңіліп көрмеген ресейлік Умар Нурмагомедовпен (18-1) жекпе-жекке шыққан еді. Бекзат қарсыласын нокдаунға жібергенімен, жекпе-жек нәтижесі төрешілер шешімімен қарсыласының пайдасына шешілді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie