locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ММА аңызы Жозе Альдо UFC 315 турнирінен кейін спорттық мансабын аяқтады

ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ММА аңызы Жозе Альдо UFC 315 турнирінен кейін спорттық мансабын аяқтады
ФОТО: UFC инстаграм парақшасынан

Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде әйгілі бразилиялық файтер Жозе Альдо октагонға қайта оралды.

38 жастағы экс-чемпион жартылай жеңіл салмақта (66 кг дейін) 37 жастағы канадалық Эйеманн Захабимен кездесті.

Үш раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде Захаби төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби мансабындағы 15-жеңісі болды (15-2), ал Альдоның көрсеткіші 32 жеңіс және 11 жеңіліс болып өзгерді.

Турнирдің басты оқиғасы – жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін кездесу. Қазіргі чемпион, америкалық Белал Мұхаммед (24-3) алғашқы титулдық қорғанысын австралиялық Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы өткізеді.

Жекпе-жектен кейін Жозе Альдо кәсіби мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялады. Ол ММА-дегі жолын 2004 жылы бастаған, ал UFC-де алғаш рет 2011 жылы өнер көрсетті. Альдо – жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы болған және ұйымның Даңқ залына енген спортшы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie