locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мераб Двалишвили Умар Нурмагомедовты ең оңай қарсылас деп атады

Мераб Двалишвили Умар Нурмагомедовты ең оңай қарсылас деп атады
ФОТО: Getty images

UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Мераб Двалишвили соңғы жылдары кездескен қарсыластары жайлы пікір білдіріп, кімнің ең мықты, ал кімнің ең әлсіз болғанын ашық айтты.

Грузиялық файтердің айтуынша, оған ең көп қиындық тудырған қарсылас — бұрынғы чемпион, бразилиялық Жозе Альдо. Ал үздік үштікке ресейлік Пётр Ян мен америкалық Генри Сехудо енген. Тізімді Умар Нурмагомедов түйіндеді.

Айта кетейік, Мераб пен Умар арасындағы жекпе-жек қаңтар айында өткен UFC 311 турнирінде болды. Бәсеке толық үш раундқа созылып, грузиялық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіліс Умар Нурмагомедов үшін кәсіби мансабындағы алғашқысы болды. Жас файтерден үлкен үміт күтілгенімен, Двалишвилимен айқас оның әлі чемпиондық деңгейге жетпегенін көрсетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie