locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мераб Двалишвили Умар Нурмагомедов туралы: Ол менімен жекпе-жекке лайық деп ойламаймын

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік қарсыласымен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін аңғартты
ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Мераб Двалишвили Умар Нурмагомедов туралы: «Ол менімен жекпе-жекке лайық деп ойламаймын»
ФОТО: Getty Images

Жеңіл салмақта (61,2 кг дейін) UFC чемпионы, грузиндік файтер Мераб Двалишвили Умар Нурмагомедовпен мүмкін болатын жекпе-жек жайлы пікір білдірді.

Бұл туралы MMAJunkie басылымы хабарлайды.

Двалишвилидің айтуынша, ол Умардың мықты әрі талантты спортшы екенін мойындайды, бірақ қазіргі уақытта онымен жекпе-жекке шығуға негіз көріп отырған жоқ:

«Умар — дарынды және күшті файтер. Ол UFC-мен келісімшартқа отырмай тұрып-ақ көпшіліктің назарын өзіне аударған. Бұл көбіне оның туысы — спорт аңызы Хабиб Нурмагомедовтің арқасында. Умарға жол жеңіл болды — бірден UFC-ге өтті. Ал басқа спортшыларға Dana White’s Contender Series, The Ultimate Fighter сияқты шоулар арқылы өз деңгейін дәлелдеуге тура келеді», — деді Мераб.

Ол ойын былай жалғастырды:

«Меніңше, ол менімен жекпе-жекке әлі лайық емес. Әуелі тағы бірнеше маңызды кездесуде өзін көрсетуі керек. Бірақ егер UFC маған осы жекпе-жекті ұсынса — мен дайынмын. Маған кім қарсылас болатыны бәрібір. Мен әрқашан дайынмын».

Еске салайық, Умар Нурмагомедов соңғы кездесуін қаңтар айында UFC 311 турнирінде өткізіп, чемпиондық белдік үшін жекпе-жекте Мераб Двалишвилиден төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie