Мераб Двалишвили – Петр Ян. 7 желтоқсан. Онлайн көру. LIVE көрсетілім
UFC октагоны қайтадан қызып жатыр: жылдың ең тартысты реванші жақындап келеді
ФОТО: Getty images
7 желтоқсанда UFC жанкүйерлері соңғы жылдардың ең шиеленісті айқастарының бірін көреді - октагон төріне Мераб Двалишвили мен Петр Ян тағы да бетпе-бет шыққалы отыр.
Олардың алғашқы айқасы 2023 жылдың наурызында өткен еді. Сол кезде Мераб өзінің адам сенгісіз қарқынымен жанкүйерлерді таңғалтып, жекпе-жекті бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңіп алған болатын.
- Жекпе-жектің барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Басты жекпе-жек алдында көрермендерді тағы бір титулдық текетірес күтеді: UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпионы Александр Пантожа қауіпті қарсылас Джошуа Ванға қарсы белдігін қорғайды. Турнирдің толық кардын осы сілтеме арқылы көруге болады.
Двалишвили – Ян реваншына тікелей эфир Астана уақытымен 10:00-де басталады. Ресми трансляция UFC-дің сайтында қолжетімді.