locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мэнни Пакьяо мен Конор Макгрегор 2025 жылдың жазында Ресейде кездесу өткізуі мүмкін

Мэнни Пакьяо мен Конор Макгрегор 2025 жылдың жазында Ресейде кездесу өткізуі мүмкін
ФОТО: Getty images

45 жастағы филиппиндік боксшы, сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған аңызға айналған Мэнни Пакьяо мен 36 жастағы ирландиялық UFC-дің екі салмақтағы экс-чемпионы Конор Макгрегор 2025 жылдың жазында Ресейде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Mash хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Пакьяо мен Макгрегор арасындағы жекпе-жек “IBA чемпиондар түні” турнирлер сериясының басты оқиғасы болуы ықтимал. Сонымен қатар, қос тараптың өкілдерімен келіссөздер басталып кеткені туралы да айтылған. Болжам бойынша, бұл кездесу көрме жекпе-жегі форматында өтеді.

Айта кетейік, Конор Макгрегор ММА-дегі соңғы ресми жекпе-жегін 2021 жылдың шілдесінде өткізіп, Дастин Порьеге техникалық нокаутпен есе жіберген. Сол жылы Мэнни Пакьяо да өз мансабындағы соңғы кәсіби жекпе-жегін өткізіп, кубалық Йорденис Угасқа төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie