locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мен оған бірден мүмкіндік бермеймін». Илия Топурия Царукянмен айқастан бас тартты

опурия Царукянның титулдық жекпе-жегіне қарсы
«Мен оған бірден мүмкіндік бермеймін». Илия Топурия Царукянмен айқастан бас тартты
ФОТО: Getty images

Жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, жақында жеңіл салмаққа ауысқанын ресми түрде жариялаған Илия Топурия Арман Царукянмен өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Испания атынан өнер көрсететін файтердің айтуынша, армян спортшысы титул үшін күресу мүмкіндігін жіберіп алған және енді бұл мәртебені қайтадан дәлелдеуі керек.

«Мен оған бірден мүмкіндік бермеймін. Царукян тағы бір жекпе-жекте жеңіске жетуі тиіс. Ол титул үшін айқасуға бір мүмкіндік алған еді – бірақ белгісіз себептермен бұл жекпе-жектен бас тартты. Енді ол өз орнын қайтадан дәлелдеуі керек. Мысалы, Джастин Гэтжи немесе Пэдди Пимблетт сияқты қарсыласпен жұдырықтасуы тиіс. Бұл дивизионда чемпиондықты қалайтын мықты жігіттер жетерлік», – деді Топурия берген сұхбатында.

Айта кетейік, Арман Царукян UFC 317 турниріне қосалқы спортшы ретінде тіркеліп, ресми салмақ өлшеуден өткен болатын (70,3 кг). Алайда Топурия қазіргі таңда оны негізгі қарсылас ретінде қарастырмайтынын ашық мәлімдеді.

UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегі ретінде Илия Топурия мен Чарльз Оливейра кездеседі. Бұл тартысты кеш 28 маусымнан 29 маусымға қараған түні, АҚШ-тың Невада штатындағы Парадайс қаласында өтеді. Сонымен қатар, турнир аясында Александр Пантожа мен Кай Кара-Франс арасындағы титулдық жекпе-жек те жоспарланған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie