locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Макс Холлoуэй: Егер біреу жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаса — таң қалмаймын

UFC-дің бұрынғы чемпионы Топурия – Оливейра арасындағы титул жекпе-жегіне болжам жасады
ФОТО: Getty Images

UFC 318 турнирінде Дастин Порьемен үшінші жекпе-жегін өткізетін Макс Холлоуэй жеңіл салмақта өтетін Илия Топурия мен Чарльз Оливейра арасындағы титул жекпе-жегі жайлы пікір білдірді.

«Егер Илия нокаутпен мерзімінен бұрын жеңсе — таң қалмаймын. Егер Чарльз сабмишнмен немесе нокаутпен жеңсе — оған да таң қалмаймын. Бұл жекпе-жек — толық белгісіздік. Көпшілік Чарльз Оливейраны есептен шығарып тастады, бірақ оны аутсайдер деп санаса, ол керісінше гүлдене түседі. Біз бұл жігітті қанша мәрте есептен шығардық, бірақ ол бәрібір жеңудің жолын таба білді ғой?

Менің ойымша, шешуші сәт алғашқы үш-төрт минутта болады. Оливейра соққы жібереді. Сұрақ — бұл соққы Илияның нокаутқа түсіретін соққысы бола ма, әлде жай ғана шайқап, Чарльз қайта тұрып, жекпе-жекке оралады ма? Бұл жекпе-жектегі негізгі мәселе — осы.

Егер мен бәске тігетін адам болсам, Чарльз Оливейра — дәл аутсайдер ретінде әлемдегі ең үздік жекпе-жекшілердің бірі екенін ескерер едім. Мен тек осыны айтқым келеді. Жеңімпазды таңдағым келмейді, бірақ бұл жекпе-жек өте тартысты өтеді», — деді Холлуэй өзінің Youtube-арнасында.

Топурия Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы екінші чемпиондық белбеу үшін Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жекке шыққысы келгеннен кейін 70 келіге ауысқан.

Топурия UFC жекпе-жекшілерін бір-екі сөзбен сипаттады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie