Макгрегор: Бұл жекпе-жек үшін қатты толқып тұрмын
UFC-дің бұрынғы чемпионы Двалишвили мен О’Мэлли арасындағы реваншқа пікір білдірді
ФОТО: Getty Images
UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Мераб Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасындағы реванш туралы өз ойымен бөлісті.
«Бұл жекпе-жек үшін қатты толқып тұрмын», – деп жазды ирландиялық файтер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, екінші кездесу 7 маусым күні АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтетін UFC 316 турнирінің басты оқиғасы болмақ. 2024 жылы өткен алғашқы жекпе-жекте Мераб Двалишвили төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.