locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Махачевтің менеджері Рахмоновпен жекпе-жек мүмкіндігін меңзеді

Махачевтің менеджері Рахмоновпен жекпе-жек мүмкіндігін меңзеді
ФОТО: Getty images

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің менеджері Әли Абдель-Азиз өз шәкіртінің алдағы жоспарлары туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.

19 қаңтарда Махачев чемпиондық белбеуін сәтті қорғап, бірінші раундта бразилиялық Ренато Мойканоны қылқындыру әдісімен жеңді. Мойкано бұл кездесуге Арман Царукянның жарақатынан кейін қысқа мерзімді ескертумен шыққан еді.

“UFC Исламға мүлдем басқа жоспар дайындады, оның ішінде [Чарльз] Оливейра, Арман [Царукян] немесе Илия [Топурия] жоқ. Бірақ бұл спорттың қандай боларын алдын ала білу мүмкін емес”,– деп жазды Абдель-Азиз Х әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысуы мүмкін деген сыбыстар бірнеше рет тараған. Бұл салмақта ол Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы титулдық кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек өткізуі ықтимал. Алайда, дағыстандық спортшы Шавкатпен де, Белалмен де кездесуді қаламайтынын, бірақ олардың арасындағы жекпе-жекті үлкен қызығушылықпен көретінін айтқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie