Келесі жекпе-жек қашан? Рахмоновтың бапкері жауап берді
UFC ұйымындағы жартылай орта салмақтағы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров шәкіртінің қазіргі жағдайы мен болашақ жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті.
Базровтың айтуынша, Рахмонов толыққанды жаттығуға кіріскен.
«Қазіргі таңда Шавкаттың денсаулығында ешқандай мәселе жоқ – ол 100% күшпен жаттығып жатыр және толық қалпына келді. Алайда, физикалық дайындығы өте жақсы болғанына қарамастан, жанкүйерлерге біраз күтуге тура келеді: Шавкатты октагонда жылдың соңына дейін көру екіталай», – деді бапкер.
30 жастағы қазақстандық спортшы UFC-де 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы рет ол октагонға UFC 310 турнирінде шығып, ирландиялық Иан Гарриді төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп шыққан.