Келесі кім? Шавкат Рахмоновтың ықтимал қарсыластары аталды
13 маусым күні аралас жекпе-жек әлеміндегі беделді инсайдер, Tapology редакторы және Eurosport Nederland журналисі Марсель Дорфф Қазақстан атынан UFC-де өнер көрсетіп жүрген жеңіліс көрмеген файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) келесі қарсыласы туралы өз болжамымен бөлісті.
Маманның айтуынша, Рахмоновтың келесі қарсыласы Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшы болуы мүмкін. Алайда бұл жалғыз нұсқа емес.
«Менің ойымша, Шавкат Махачев пен Делла Маддаленаның жекпе-жегінен кейін жеңіспен шыққан қарсыласпен кездесуі ықтимал. Бірақ Белал Мухаммад немесе Шон Брэди де оның келесі қарсыласы болуы ғажап емес», - деді Дорфф Sports.kz сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Шавкат соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді. Осы жеңістен кейін ол тізе жарақатына байланысты Белал Мухаммадпен өтетін титулдық кездесуден бас тартуға мәжбүр болды. Ал Белал өз кезегінде уақытша чемпион белдігі үшін шайқаста аустралиялық Джек Делла Маддаленаға жол беріп, атақтан айырылды.
Шавкаттың бапкері Эдуард Базровтың айтуынша, Рахмонов жарақатынан толық айыққан және 2025 жылдың күзіне қарай сегізбұрышқа оралуға дайын.