locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Камил Гаджиев Асу Алмабаев жайлы: \"Ішкі түйсігіме сенсем, ол UFC чемпионы бола алады\"

Камил Гаджиев Асу Алмабаев жайлы: "Ішкі түйсігіме сенсем, ол UFC чемпионы бола алады"
ФОТО: Getty images

Белгілі спорт промоутері Камил Гаджиев UFC-дің жеңіл салмақта (57 кг дейін) өнер көрсететін қазақ спортшысы Асу Алмабаев туралы өз пікірін білдірді.

“Асу үшін шын жүректен қуаныштымын. Ол үнемі алға жылжып келеді… Егер осы жекпе-жекте жеңіске жетсе, менің ойымша, ол жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге басты үміткер атанады. Ішкі түйсігіме сенсем, ол UFC чемпионы бола алады, себебі әр жекпе-жекте шеберлігі артып келеді”, — деді Гаджиев өзінің YouTube-арнасында.

Асу Алмабаев кәсіби ММА-дегі мансабын 19 жасында бастады. Ол 2013 жылдың 1 маусымында Rod Fighting — Shield and Sword 4 турнирінде алғаш рет октагонға шыққан. Дебюттік жекпе-жегінде ол Вадим Бусеевпен кездесіп, үшінші раундта төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

UFC-ге дейін Алмабаев түрлі промоушендерде өнер көрсетіп, бірнеше чемпиондық белбеу иегері атанды. 2023 жылы ол әлемдегі ең мықты лигада дебют жасап, содан бері төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Қазақ спортшысы бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері, бұл оның партердегі мүмкіндіктерін арттыра түседі.

Айта кетейік, 1 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 252 турнирінде Алмабаев португалиялық Манел Капемен кездеседі. Бұл 30 жастағы қазақ спортшысы үшін UFC-дегі бесінші жекпе-жек болмақ, ал жеңіске жетсе, ол чемпиондық атаққа тағы бір қадам жақындайды.

Камил ГАДЖИЕВ: "Артем – керемет жігіт, бірақ бұл экстра-класс жауынгері емес"

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie