Ислам МАХАЧЕВ: \"Царукянның осал тұстары жоқ\"
ММА
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы (70 келіге дейін) Ислам Махачев (26-1) келесі қарсыласы Арман Царукянның (22-3) осал тұстары туралы өз ойын білдірді.
“Царукянның осал тұстары жоқ. Оларды табу үшін көп іздеу керек. Арманда бәрі бар, сондықтан ол қазіргі уақытта біздің дивизиондағы үздік, нағыз үміткер. Мен осы жекпе-жекке дайындалу үшін соңғы үш айда көп жұмыс жасадым, өйткені менің белбеуімді алғысы келетін нағыз қарсыласым бар екенін білемін. Мен оған бірде-бір мүмкіндік бергім келмейді”, - деді чемпион.
Еске салайық, Махачев 19 қаңтарда Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін UFC 311 турнирінің басты оқиғасында чемпиондық атағын қорғау үшін Царукянға қарсы октагонға шығады.