Қырғызстандық тағы бір жауынгер UFC-де дебют жасайтын күн белгілі
ММА
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Қырғызстандық жеңілмеген жауынгер Уран Сатыбалдиев UFC-мен келісімшартқа қол қойды және алтыншы сәуірде UFC Vegas 105 турнирінде дебют жасайды.
Ол жарақат алып қалған Кеннеди Нзечуквудың орнына ұйымның ауыр салмақтағы рейтингінде он бесінші тұрған Мартин Будайға (14-2) қарсы шығады.
Жартылай ауыр салмақтағы «Горилла» лақап атымен танымал Уран Сатыбалдиев LFA промоушенінің қазіргі чемпионы. LFA 203 турниріндегі соңғы жекпе-жегінде ол бразилиялық Леон Соаресті (9-2) жеңіп, титулды сәтті қорғады.
