Илия Топурия Конор Макгрегормен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді
ФОТО: Getty images
UFC чемпионы Илия Топурия Конор Макгрегормен болатын жекпе-жек туралы қауесеттерге пікір білдірді.
"Макгрегормен жекпе-жек туралы қауесет — жалған. Мен адам зорлайтын кісімен рингке шығуға ниетім жоқ және бұл мені қызықтырмайды", — деді Топурия, оның сөздерін Telecomasia.net келтіреді.
Айта кетейік, қараша айында Конор Макгрегор сексуалдық зорлық ісі бойынша кінәлі деп танылған болатын.