Иан Гарри жеңісті жолына қайта оралды: UFC on ESPN 66 турнирінде Карлос Пратесті жеңді
ФОТО: Getty Images
27 сәуір күні АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы «T-Mobile Center» аренасында UFC on ESPN 66 турнирі өтті.
Кештің басты оқиғасы ретінде ирландиялық Иан Гарри мен бразилиялық Карлос Пратес арасындағы жартылай орта салмақтағы жекпе-жек ұсынылды.
Кездесу бес раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен (48-47, 48-47, 49-46) Гарридің жеңісімен аяқталды.
Еске сала кетейік, Карлос Пратес бұған дейін, 2024 жылдың қараша айында, Нил Магниді бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңістер сериясын 11-ге жеткізген болатын. Алайда Гарримен болған кездесуде оның осы сәтті жолы үзілді.
Өз кезегінде, Иан Гарри 2024 жылдың желтоқсанында Шавкат Рахмоновтан жеңілгеннен кейін қайтадан жеңіске жетіп, мансабында маңызды бетбұрыс жасады.