«Үй уәде етілді - бірақ құр уәде болып қалды»: Дамир Исмагуловтың шындыққа толы әңгімесі
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық бұрынғы UFC файтері Дамир Исмагулов өміріндегі орын алған қызық әрі көңілге қаяу түсіретін бір жағдаймен бөлісті.
Бұл оқиға орындалмаған уәделерге байланысты.
Әлеуметтік желіде ол ресейлік ММА спортшысының жеңістен кейін салтанатты түрде пәтер кілтін алған сәтін көрсеткен бейнежазбаны жариялады. Алайда, кейіннен бұл спортшы пәтерге ие болмағанын мойындайды.
Исмагулов бұл жағдайды өз тәжірибесімен салыстырып, жазба қалдырды:
«Бір кездері маған да Шымкенттен пәтер сыйлаған. Бірақ, кілтті де көрмедім», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Дамир Исмагулов аралас жекпе-жек ережелері бойынша соңғы кездесуін 2024 жылдың қыркүйегінде Alash Pride турнирінде өткізіп, бразилиялық Обердан Тенорионы техникалық нокаутпен жеңген болатын.
