locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хабиб Нурмагомедов ұшақтағы жайтқа пікір білдірді: “Сабыр сақтауға барынша тырыстым”

ММА
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Хабиб Нурмагомедов ұшақтағы жайтқа пікір білдірді: “Сабыр сақтауға барынша тырыстым”
Фото: gettyimages

Дағыстандық әйгілі файтер Хабиб Нурмагомедовті АҚШ-та ұшақтан түсіріп кеткенін бұған дейін БАҚ өкілдері жазған болатын. Стюардесса оған орнын ауыстыруды талап еткен соң спортшы ұшақтан түсіп қалған.

Журналистер Хабибтің ағылшынша түсінбегендіктен осындай жайт болды деп мәлімдеген. Алайда, даңқты файтер мұны жоққа шығарып отыр.

"Ең алдымен айтарым, бұл оқиға Alaska airline емес, Frontier Airlines ұшағында болды. Маған сұрақтарымен келген әйел өте дөрекі сөйлесті. Мен ағылшынша жақсы сөйлеймін және түсінемін. Соған қарамастан ол менің орын ауыстыруымды талап етті. Не үшін мұндай шешім қабылдағаны түсініксіз, бәлкім ұлттық, бәлкім нәсілдік тұрғыда болды ма, ол жағын білмеймін.

Ұзақ дауласқаннан кейін ол күзетшілерді шақырып, мені ұшақтан түсірді. 1,5 сағаттан кейін өзге рейске отырып, көздеген жеріме жетіп алдым.

Мен арандатушылыққа берілмей, барынша сабыр сақтауға тырыстым", - деп жазды Хабиб Нурмагомедов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, дағыстандық танымал спортшы қазіргі таңда Лос-Анджелесте өз командасымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

ВИДЕО. Хабибті АҚШ ұшағынан түсіріп жіберді. Не себеп?

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie