locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Гэрри Шавкатты тұншықтырған сәттің суретін неліктен отбасы фотоларының жанына қойғанын түсіндірді

Гэрри Шавкатты тұншықтырған сәттің суретін неліктен отбасы фотоларының жанына қойғанын түсіндірді
ФОТО: Getty images

UFC-дегі ирландиялық файтер Иэн Гэрри 2024 жылдың соңында Шавкат Рахмоновтан алған жеңілісі әлі де жүрегінде із қалдырғанын мойындады. Алайда дәл осы сәт оны күн сайын жігерлендіріп, қайта алға ұмтылуға себеп болуда.

Гэрри өзінің сұқбатында сол жекпе-жектің бесінші раундындағы сәтті, яғни Шавкатты сабмишенге ала жаздаған эпизодты суретке шығарып, оны ұлы мен жұбайымен түскен суреттердің жанына, өз бөлмесіне іліп қойғанын айтты.

«Күн сайын оянып, осы үш суретті көрем. Баламның суреті, үйлену тойымыздағы фотосурет және мына жаман жігітті. Мен күнде осыған қарап, өзімді қайрап отырам» - деді Гэрри.

Бұл жекпе-жек Гэрри үшін кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Бес раундқа созылған шайқаста Шавкат Рахмонов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның қатарынан 19-шы жеңісі болды. Соның 18-ін ол уақытынан бұрын аяқтаған.

Қазір Гэрри келесі айқасқа дайындалып жатыр. 26 сәуірде ол Канзас-Ситиде бразилиялық Карлос Пратеспен кездеседі. Иэн UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде 7-орында тұр, ал Пратес - 13-орында.

Ал Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы кейінге шегерілді. Бастапқыда ол 11 мамырда Белал Мухаммедпен уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ жарақатына байланысты кездесуден бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев жартылай орта салмаққа ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жағдай титулдық тартысқа тікелей әсер етуі мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie