Фото. Махачевке бола айырылысты ма? Топурияның жеке өміріндегі дауға жанкүйерлер шу көтерді
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия октагоннан тыс тағы бір шу ортасында қалды. Испания атынан сынға түсетін грузин спортшының жұбайы Джорджинамен айырылысып кеткені белгілі болды.
Желі қолданушылары байқап қойғандай, ерлі-зайыптылар өз парақшаларынан барлық ортақ суреттерін өшіріп тастаған. Ресми түрде бұл жаңалық әлі расталмағанымен, әлеуметтік желі X-те (бұрынғы Twitter) жанкүйерлер бұл шешімнің себебі ретінде Джорджинаның Ислам Махачевпен арадағы «жақын қарым-қатынасын» атауда.
Шудың күшеюіне Майамидегі қонақүйдің бассейнінде түсірілген сурет себеп болды. Онда Махачев пен Топурияның сүйіктісі бірге демалып жүргені байқалған. Суретті түсірген фотограф бұл кадрдың шынайы екенін растады.
Айта кетейік, биыл Илия Топурия дәл Ислам Махачевпен кездесу үшін салмақ дәрежесін ауыстырған еді. Алайда Махачев бұл жекпе-жектен бас тартып, өзі де басқа дивизионға ауысқан болатын.
Еске сала кетсек, жазда Топурия өзінің мансабындағы ең әсерлі жеңіске жетті: бірінші раундта бұрынғы чемпион Чарльз Оливейраны нокаутқа жіберіп, UFC чемпионы атанды.